АСТАНА, 24 қаз — Sputnik. Астана қаласының тұрғыны Гүлжан Батырбекова әлеуметтік желіде тістелінген "Барни" кексінен шығып келе жатқан құрттың видеосын жариялады.
Видео "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде шығарылған.
Батырбекова Sputnik агенттігіне хабарлағандай, "Барни" кексін Степногорскіде бір туысы сатып алыпты, өнімнің жарамдылық мерзімі өтпеген.