Қоғам

Ата-аналарға кеңес: балаға ойыншықты қалай таңдау керек

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуОйыншық дүкені
Ойыншық дүкені - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның тұтынушылар құқығын қорғау комитеті сатушылардан ойыншықтың сертификатын сұрауға кеңес береді.

АСТАНА, 24 қаз — Sputnik. Бүгінгі нарықта алуан түрлі ойыншықтар көп, бірақ олардың бәрі бүлдіршіндерге зиянсыз ба? Қазақстанның тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында ойыншықты қалай таңдау керектігін айтып берді.

Бірінші, ойыншық баланың жасына лайық па, соған мән берген жөн. Ол ақпаратты қораптың сыртынан оқып алуға болады.

Ойыншық жасалған материалды мұқият қарап шығу керек, бояу қолға жұғып қала ма, сапасы қандай – тексеру қажет. Ойыншықтың сырты ұстап, сипауға ыңғайлы болуы тиіс. Ұсақ бөлшектері, үшкір шеттері, сынып қалатын бөліктері болмағаны жөн. Затбелгісі бар ма, жоқ па тексеру керек. 

Сатып алар кезде тұтынушы ойыншықтың сертификатын немесе басқа да құжаттарды сұрауы тиіс. 

Сонымен қатар, сатып алмас бұрын ойыншықтың қорабына көңіл бөлу керек. Қорапта келесі мәлімет берілуі тиіс: тауардың аты, техникалық регламентке сәйкестігі, ойыншық жасалған мемлекет, тұтыну туралы ақпарат, өндірілген күні, сақтау мерзімі мен шарттары, штрих-код және бағасы.  

Жаңалықтар
0