Экономика

Қазақстаннан соңғы 10 жыл ішінде 100 млрд теңге шығарылды

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстаннан ақшалай қаражат негізінен Солтүстік Америка мен Еуропа елдеріне шығарылады, кейде оффшорлық зоналарға шығарылатын кездері болады.

АСТАНА, 24 қаз — Sputnik. Соңғы он жыл ішінде Қазақстаннан шетелге 100 миллиард теңге шығарылды, оның 30% ғана өндіріп алынды деп хабарлады ҚР бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко Астанада өткен қазақстандық мамандарға арналған, ұрланған активтерді қайтару туралы семинарда.

"Активтердің нақты сомасын айту өте қиын, бірақ жалпы миллиардтаған теңгеге бағаланады. Біз ең ауқымды қылмыстық істерді қарастырдық, бәрін қарап үлгерген жоқпыз. Соңғы 10 жылда мұндай істердің саны 200-ге жеткен шығар. Қазір біз осы қылмыстық істер бойынша шығарылған қаражаттың жалпы сомасын 100 миллиард теңгедей деп есептеп отырмыз. Олардың 30% өндірілді, яғни Қазақстанға қайтарылды", — деп хабарлады Кравченко.

Мұндай мақсаттарға жету үшін бес жыл ішінде бас прокуратура 27 халықаралық келісімдерге қол қойған, америкалық конвенцияларға қосылған, келісімдік базасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы 50 халықаралық келісім бар.

Кравченконың айтуынша, Қазақстаннан ақшалай қаражат Солтүстік Америка мен Еуропа елдеріне шығарылады, кейде оффшорлық зоналарға шығарылатын кездері болады.

 

 

Жаңалықтар
0