Оқиға

Атырау облысы бойынша жер кадастры департаментінің басшысы ұсталды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуқамауға алу
қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атырауда шенеунік жүйеі түрде пара алып отыған деп айыпталуда. Ол қалалық ІІД уақытша оқшаулағышына қамалды

АСТАНА, 24 қаз — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті бірнеше рет пара алу күдігі бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы — облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің басшысын ұстады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

"К.Теміровтің қол астындағы қызметкерлерінен  жүйелі түрде қызметке қабылдау үшін және қызметте жалпы қолдау көрсету үшін пара алып отырғаны анықтағн", — делінген хабарламада. 

Осылайша, Исатай аудандық бөлімшесі жетекшісі лауазымына тағайындау үшін 100 мың теңге, Индер аудандық бөлімшесінің бас маманы қызметіне тағайындау үшін 50 мың теңге заңсыз сыйақы алған.

Ведомствоның мәліметінше, бұнан бөлек, ол Атырау қаласында кезектен тыс жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімін бергені үшін жалпы сомасы 670 мың теңгеден асатын материалдық құндылық түріндегі параны да алғаны белгілі.

Қазіргі уақытта шенеунік ұсталып, Атырау қалалық ІІД уақытша оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Жаңалықтар
0