Әлем

Дүйсенбіде Біріккен Ұлттар Ұйымы күні атап өтіледі

© Sputnik / Медиабанкке өтуБҰҰ ғимараты
БҰҰ ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Біріккен Ұлттар Ұйымы — дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебап халықаралық ұйым.

АСТАНА, 24 қаз — Sputnik. Біріккен Ұлттар Ұйымы күні жыл сайын 24 қазанда атап өтіледі. Бұл мереке БҰҰ Жарғысының  1945 жылы күшіне енуінің жылдығына орайластырылып, 1947 жылғы 24 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясында белгіленді. 1971 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің резолюциясында мүше елдерге бұл күнді мемлекеттік мейрам ретінде атап өтуді ұсынды. 

БҰҰ — халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында  құрылған халықаралық мемлекеттер ұйымы. 

БҰҰ атауын берген АҚШ президенті Франклин Рузвельт болды. Ол "Біріккен Ұлттар" деп атауды ұсынды. 1942 жылғы 1 қаңтарда Рузвельт пен Черчилль тиісті өкілеттер алған Кеңес және Қытай елшілерімен бірге Вашингтонда құжатқа қол қойды, ол кейін "Біріккен Ұлттар Декларациясы" атауына ие болды. Келесі күні бұл құжатқа екінші дүниежүзілік соғыс уақытында Рим-Берлин-Токио белдеуіне қарсы тұрған 22 мемлекет қосылды.

1943 жылғы 30 қазанда КСРО астанасында Кеңес Одағы, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай үкіметтері әлемдік қоғамдастықты бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жөнінде жаңа сапалы халық¬аралық ұйым құруға шақыр¬ғ¬ан декларацияға қол қойды. Осылай¬ша, БҰҰ-ны құру үдерісі барын¬ша тез қарқынмен дами баста¬ды. Желтоқсанның басында Теһранда КСРО, АҚШ және Ұлы¬британия басшыларының әйгілі кез¬десуі өтті. Бұл саммит әлемді соғыс¬тан кейінгі жайластыру мәсе¬лелерін нақты талқылауға арналды.

Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбританиямемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, фран-цуз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды.  

Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясы¬ның 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.

Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Қазақстанда келесі 15 ұйымы жұмыс істейді: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ), БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ), Әйелдер қоры (ЮНИФЕМ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО), Дүниежізілік Банк (ДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент (ҚАД).


Жаңалықтар
0