АСТАНА, 24 қаз — Sputnik. Тәжікстан аумағында 4,5 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі дүйсенбіде Алматы уақытымен 04 сағат 32 минут 20 секундта тіркелді.
"Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 629 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан", — делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің тереңдігі — бес шақырым. Жер дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.