Рязань қаласында тұрғын үйде болған тұрмыстық газ жарылысы салдарын жоюға 200-ден аса адам мен 50-ден астам арнайы техника жұмылдырылды деп хабарлайды ТЖМ сайтында.
Ведомствоның мәліметінше, үй тұрғындарын қауіпсіз жерге шығару жедел түрде ұйымдастырылды. Жедел жәрдем бригадалары зардап шеккендерді қаланың емдеу мекемелеріне жеткізіп, оларға сол жерде қажетті медициналық көмек берілді.