Оқиға

Астанада үш бүлдіршін иіс тиіп көз жұмды

© Public Domainжедел жәрдем
жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ТЖК ақпаратына сәйкес, оқиғаның алдын ала себептері отты абайсыз пайдалану

АСТАНА, 22 қаз — Sputnik. Астанада иіс тию салдарынан үш бала қаза тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

"Бүгін, 22 қазан күні 11 сағат 53 минуттар шамасында Астана қаласының Сарыарқа ауданында бесқабатты тұрғын үйде шамамен 2 шаршы метр аймақта заттардың жануына байланысты 2007, 2008 және 2009 жылдары туған үш бала иіс тиіп мерт болды",- деді Иманқұлов. 

Оның мәліметінше, бірден оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің өкілдері жіберілген. Алайда, өрт шыққан аймақ аса көлемді болмауы себепті ол өрт сөндірушілер келгенше сөндіріліп үлгерді. 

"Бұл балаларға қарамаудың салдарынан орын алып отырған кезекті қайғылы жағдай", — деп атап өтті ресми өкіл. 


Жаңалықтар
0