АСТАНА, 22 қаз — Sputnik. Синоптиктер Қазақстанның солтүстігінде 22-24 қазанда қар жауып, боран соғады деп болжайды, деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.
Карск теңізінің ауданынан Қазақстанға қарай атмосфералық фронттары бар, суық ауа-райын туындататын, арктикалық ауа массасы: солтүстік жартысында қар жаудырып, бұрқасын тудырып, оңтүстігінде – қар аралас сулы жаңбыр жаудырып жылжуын жалғастыруда.
Республиканың батысында антициклонның ықпалы әлі сақталуда, әдеттегідей жауын-шашынсыз, бірақ онда да бұрыңғы осындай уақыт кезеңіне қарағанда — суық болып тұр.