Экономика

РФ мен Қазақстан үкімет басшылары экономикадағы ынтымақтастықты талқылайды

© Photo : Служба центральных коммуникацийБақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дмитрий Медведев пен Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңесі мен ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырыстарына жоспарланған тақырыптарды талқылайды

АСТАНА, 22 қаз — Sputnik. РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев пен оың қазақстандық әріптесі Бақытжан Сағынтаев 26 қазанда екі елдің сауда мен экономикадағы ынтымақтастығының негізгі мәселелерін, сонымен қатар өзге саладағы жобаларды талқылайды, деп хабарлады РФ министрлер кабинетінің баспасөз қызметі. 

"Ресей мен Қазақстан үкімет басшылары сауда мен экономикадағы ынтымақтасты қосқанда  ресей-қазақстандық өзара әрекеттесудің негізгі мәселелерін, энергетика, өнеркәсіп, көлік сектері мен өзге саладағы бірлескен жобаларды талқылайды", — делінген хабарламада. 

Сонымен қатар үкімет басшылары 27-28 қазанда Минскіде өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңесі мен ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырыстарына жоспарланған тақырыптарды талқылайды. 


Жаңалықтар
0