Өңірлер

ҚР батысындағы нодулярлық дерматитке қарсы күрес үшін Т4,5 млн астам бөлінді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуСиырлар
Сиырлар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атырау облысында мал шығыны тоқтады. Емдеу шаралары және басқа да жұмыстар үшін жергілікті бюджеттен 4,5 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

АСТАНА, 21 қаз — Sputnik.  Атырау облысында нодулярлық дерматит тарап кеткеннен кейін жергілікті бюджеттен 4,5 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді деп хабарлады Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің биологиялық қауіпсіздік басқармасының жетекшісі Салтанат Абылқасымова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл жазда Атырау облысының бірнеше ауданындағы ірі қара мал арасында нодулярлық дерматит тарап кеткендіктен карантин енгізілген болатын. 6 мыңнан астам мал басы дертке шалдығып, сегіз жүз жануар өлді. 

Абылқасымованың айтуынша, қазіргі уақытта дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, мал шығыны тоқтады.

"Симптомдық емдеу жүргізу және басқа да жұмыстар үшін жергілікті бюджеттен 4,5 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді", — деді ол. 

 

 

 

Жаңалықтар
0