АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. Пәтерінің терезесінен пневматикалық тапаншамен оқ атқан Алматы тұрғынына айыппұл салынды деп хабарлайды оңтүстік елорда сотының баспасөз қызметі.
Істің деректеріне сәйкес, 2016 жылы 14 қыркүйекте сағат 20:00 кезінде ер адам пәтерінің терезесінен бұралқы мысықтарға пневматикалық тапаншамен оқ атып, көрші үйдің терезесіне тигізген.
Сотта ол өзінің айыбын мойындап, келтірілген шығынды өтегенін айтты.
Елді-мекенде оқ атқаны үшін алматылыққа 10 АЕК көлемінде 21 мың 210 теңге сомада әкімшілік айыппұл салынған. Бірақ қаруы тәркіленбеген.