АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. Ақтауда полицейлер бес несиесіне бола тұрғын үй шатырынан секірмек болған әйелді құтқарды деп хабарлады Маңыстау облысы ІІД баспасөз қызметі.
Қала тұрғындары полицияға жергілікті уақыт бойынша 9:40-та хабарласқан. Куәгердің айтуынша, әйел адам он қабатты үйдің шатырына шығып отыр екен. Оқиға орнына бөлімше инспекторлары мен ТЖ бригадасы, "жедел жәрдем" келіп жетті.
"Әңгімелескеннен кейін әйел адам құтқарушылардың сөзіне иланды. Оны профилактикалық әңгіме жүргізу үшін тірек пунктіне жеткізді. Әйелдің бес несие үшін өз-өзіне қол салмақ болғандығы анықталды", — деп хабарлады баспасөз қызметінде.