АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. Алты Ресей азаматы және бір қазақстандық Екібастұз кәсіпкерін қорқытып, 100 млн теңге алмақ болды деген күдікпен ұсталды деп хабарланды Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Берілген мәлімет бойынша, 14 қазан күні сағат 11 кезінде олар жергілікті "Гамма" ЖШС кеңсесіне басып кіріп, фирма иесінен 100 миллион теңге талап еткен. Бірақ кейінен полицейлердің қолына түсіп қалған. Күдіктілердің бірінің көлігінде оқ ататын қару табылған.
Қазіргі уақытта Екібастұз қалалық сотының санкциясымен олардың үшеуі тұтқындалды. Олар 1993 жылы туылған Ингушетия тумасы, 1981 жылыт туылған Дағыстан тумасы, және 1979 жылы туылған Астана тұрғыны Павлодар облысы тумасы. Олардың ешқайсысы тағылған айыпты мойындамай отыр.