Оқиға

"Кеңестік" автокөлікті заңсыз айдап әкеткен қылмыскер құрықталды

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуВАЗ 2101 "Жигули" автокөлігі
ВАЗ 2101 Жигули автокөлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
​Ұсталғандар, бұрын сотты болған 19 жасар және 22 жасар Теміртау қаласының тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 200 бабының 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

АСТАНА, 21 қаз — Sputnik.  Теміртау қаласының ІІБ жергілікті полиция қызметінің жол патрульдік полициясының батальоны 1976 жылы шығарылған "кеңестік" автокөлікті заңсыз айдап әкеткен қылмыскерді "ізін суытпай" құрықтады.

​Кеңестік автоөндірістің "Жигули" модельдік маркаларын жолдарда жиі кездестірмесек те қазіргі таңда "ретро" көліктер мен олардың қосалқы бөлшектеріне сұраныс артып келеді. Осындай қызығушылықпен Теміртау қаласының 27 жасар тұрғыны 1976 жылы шығарылған "Жигули-21061" автокөлігін сатып алған болатын.

13 қазан күні таңға жақын аталған автокөліктің иесі дабыл белгісінің дауысынан оянып, терезеге қарағанда, көлігінің жоқтығын көреді. Көлікті белгісіз біреулер айдап кеткендігі туралы дереу полицияға хабарлады.

​Теміртау қаласының ІІБ жергілікті полиция қызметінің жол патрульдік полициясының батальонының құрамында болған Садықов, Жұмашев және Сәтжанов қызмет атқару барысында айдап әкетілген көліктің қаланың басқа бөлігінде, үйлердің бірінің қасында тұрғанын байқады. Жүргізуші және оның жолаушысы полиция қызметкерлерін көріп, көлікті тастап жасырынуға тырысты, бірақ тәртіп сақшыларынан алысқа қаша алмады.

​Ұсталғандар, бұрын сотты болған 19 жасар және 22 жасар Теміртау қаласының тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 200 бабының 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0