АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. Қазір Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарып отырған Бердібек Сапарбаевты шетелдік компанияға қазақстандық жер телімдерін сатты деп айыптаған "Нұр Отан" партиясының мүшесі Айдын Егеубаевқа 100 мың теңге көлемінде айыппұл салынды деп хабарланды Астана сотының сайтында.
Астана қаласы Алматы аудандық соты Егеубаевтың таққан айыбын негізсіз деп тауып, Сапарбаевтың моральдық зиянды өтеу арызын жартылай қанағаттандыруға шешім қабылдады. Сонымен қатар, Егеубаев қазақстандық ақпарат агенттіктерінің біріне таққан айыбын жоққа шығарып сұхбат беруі тиіс.
Sputnik Қазақстан хабарлауынша, сот ашық режимде өткен.