https://sputnik.kz/20161021/872605.html
Rixos басқармасы румындықтарға қатысты оқиға туралы: кінәні өздерінен іздесін
Rixos басқармасы румындықтарға қатысты оқиға туралы: кінәні өздерінен іздесін
"Біз ешкімді де кінәлағымыз келмейді, ол бөлмелерде құрама ойыншыларынан басқа ешкім болған жоқ, сол себепті бұл оқиғаға спортшылардың өзі жауапты", - дейді... 21.10.2016, Sputnik Қазақстан
2016-10-21T15:18+0600
2016-10-21T15:18+0600
2022-02-01T14:05+0600
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/87/24/872457_0:246:1080:857_1920x0_80_0_0_8c4cb3822c8dcf47ca6337bf7148a158.jpg
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2016
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/87/24/872457_0:189:1080:868_1920x0_80_0_0_62ca6620770c9fdc30369b7a32c16791.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Rixos басқармасы румындықтарға қатысты оқиға туралы: кінәні өздерінен іздесін
15:18 21.10.2016 (жаңартылды: 14:05 01.02.2022) "Біз ешкімді де кінәлағымыз келмейді, ол бөлмелерде құрама ойыншыларынан басқа ешкім болған жоқ, сол себепті бұл оқиғаға спортшылардың өзі жауапты", - дейді Rixos President Astana қонақ үйінің бас директоры Тансел Терджан.
АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. Румыния ұлттық футбол федерациясы елордалық қонақ үй Rixos President Astana басқармасына 11 қазан күнгі оқиғаға қатысты қонақ үй мен оның қызметкерлеріне ешқандай наразылығы жоқ екенін ресми түрде айтты деп хабарлады Rixos President Astana қонақ үйінің бас директоры Тансел Терджан жұма күні.
Астанадағы "Риксос" қонақ үйіндегі Румыния құрамасы тұрып жатқан бөлмелерден заттар мен ақша жоғалғаны туралы ақпаратты 11 қазан күні румыниялық БАҚ таратқан болатын.
"Фактілерді анықтау барысында, бөлмелерге бөгде біреулердің кіргендігі тіркелмеген. Команда қонақ үй залдарының бірінде дайындық жасап жатқан кезде, қалған спортшылар қонақ үй қызметкерлерінің бөлмеге кірмеуін өтінген", — деді Rixos President Astana қонақ үйінің сауда директоры Руслан Цзи.
"Бұрын мен де кәсіби түрде волейболмен айналысқанмын, сол себепті спорттық командалардағы ішкі жағдайды жақсы білемін. Дайындық кезінде, бір жаққа сапар шеккен кезде ойыншылар арасында сенімсіз адамдар кездеседі — деді Тансел Терджан. – Біз ешкімді де кінәлағымыз келмейді, ол бөлмелерде құрама ойыншыларынан басқа ешкім болған жоқ, сол себепті бұл оқиғаға спортшылардың өзі жауапты", — деді бас директор сөзін қорытындылап.