АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. Бейсенбі күні Sputnik Эстония агенттігінің редакциясына елдегі ұлтшыл партиялар – эстондық "Оң сектор" және Тәуелсіздік партиясы атынан қоқан-лоққы көрсетілген хат келіп түсті. Хатта партия өкілдері сайт жұмысын тоқтатамыз деп мәлімдеген.
Sputnik Эстония агенттігінің жетекшісі Елена Черышева РИА Новости агенттігіне хабарлағандай, бұл хат Sputnik агенттігінен басқа да БАҚ жіберілуі мүмкін, өйткені хатта ресейлік арналар да аталады.
Ұлтшылдар "ата-бабалары неміс мундирін киіп, большевизмге қарсы күрескенін" жазып, бір қатар ресейлік БАҚ мен тілшілерге айбат көрсетеді.
Sputnik басқармасы бұл хатты доңайбат ретінде қабылдап, мұндай мәлімдемелердің Еуропалық Одаққа мүше елде жасалып жатқандығына назар аударады.