Мәдениет

Америкалықтар қазақстандық уранды террористтерден құтқару туралы фильм түсіреді

© Public DomainГолливуд
Голливуд - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Фильмнің режисері мен премьерасы болатын күн әлі белгісіз.

АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. Америкалық кино түсірушілер Кеңес Одағы құлағаннан кейін қазақстандық уранның қомақты қорын террористтерден құтқару туралы "Бостандық құны" атты фильм түсірмекші деп хабарлады Deadline сайты.

Сайттың хабарлауынша, сценарий авторы Майкл Ганн. Ол бұдан бұрын"Сыбыр" және "Жаңалықтар қызметі" телехикаяларына сценарий жазған. 

Фильм шынайы оқиғалар желісімен түсіріледі. Басты кейіпкері – Кеңес Одағы құлағаннан кейін Қазақстан аумағында байытылған уранның қомақты қорын тауып алған америкалық дипломат. Ол қауіпті затқа террористтердің қолды жеткенше, уранды Қазақстан территориясынан алып шығуға тырысады.

Фильмнің түсірілуіне Participant Media және Tribeca Films кинокомпаниялары қатысады. 

Жаңалықтар
0