АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасары Томас Шэннон 24-29 қыркүйек аралығында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдеріне іссапармен барады деп мәлімдеді мемлекеттік департамент.
Бұл Шэннонның Орта Азияға алғашқы сапары. Жоғары шенді америкалық дипломат Орта Азия мемлекеттері тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, іссапарын "С5+1" тобы желісімен жалғастырады. Бұл топ құрамына Орта Азиядағы бұрынғы кеңестік бес республика енеді (Тәжікстан мен Түркменстанды қосқанда).
Шэннон іссапары бағдарламасында – жоғары шенді билік өкілдерімен кездесулер бар, бірақ мемлекеттік департамент олардың атын атамай отыр. Өзбекстанда Шэннон Ташкентке ғана емес, Самарқандқа да барып, елдің бұрынғы президенті Ислам Каримовтың зиратында болып қайтады.