Спорт

Стойлов: "Олимпиакос" бізден гөрі мықты еді

© Sputnik / Медиабанкке өтуФутбол
Футбол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Астана" футбол клубы бейсенбі күні "Олимпиакосқа" қарсы өткен Еуропа Лигасы матчында 1:4 есебімен ойсырай ұтылды.

АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. "Астана" футбол клубы бейсенбі күні "Олимпиакосқа" қарсы өткен Еуропа Лигасы матчында 1:4 есебімен ойсырай ұтылды, қазақстандық команданың бас бапкері Станимир Стойлов бұл жеңілісті заңды нәтиже деп қабылдады.

Матчта есепті 25 минутта Диогу Фигейрашем ашты, 33 минутта Тарик Эльюнусси қатты жылдамдықпен айып алаңына кіріп, қорғаушы Марин Аничичті алдап өтіп, сол аяғымен гол соқты. Бір минут өтер-өтпесте "Олимпиакос" бір ғана паспен қонақтар қорғанысын кесіп өтіп, шабуылшы Себаны "Астана" қақпашысымен бетпе-бет шығарды. Сөйтіп, есеп үш те нөл болды.

Астана футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Стойлов: мен "Астанадан" кетпеймін

Екінші таймда грек командасының қақпашысы Никола Леали допты Жуниор Кабананганың аяғына дәл тастап, қазақстандық команда шабуылшысы әп-сәтте гол соққан болатын. Алайда содан кейін  Рохер Каньяс алаңнан аластатылып,  "Астана" командасына он ойыншымен қарсыласуға тура келді.  64 минутта Себа екінші голын соқты. 

"Олимпиакосты" құттықтаймын, олар бізден әлдеқайда мықты ойнады", — деп мойындады "Астана" бапкері ойыннан кейін.


Жаңалықтар
0