Саясат

ТМД атқару комитеті координациялық кеңесінің басшысы болып ҚР өкілі сайланды

© Sputnik / Табылды КадырбековТМД елдерінің тулары
ТМД елдерінің тулары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әзербайжан, Белорусь, Қырғызстан, Молдавия, Ресей және Өзбекстан елдерінің өкілдері Арман Бектұров кандидатурасын қолдады.

АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. Қазақстан қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаментінің директоры Арман Бектұров Астанада өткен кеңестің ХІІІ отырысында ТМД атқару комитеті координациялық кеңесінің төрағасы болып сайланды деп хабарлады министрлік баспасөз қызметі.

Арман Бектұровтың кандидатурасын басым көпшілік қолдаған. Отырысқа Әзербайжан, Белорусь, Қырғызстан, Молдавия, Ресей және Өзбекстан қатысқан. 

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта кеңес жұмысы ТМД мүше елдеріндегі бухгалтерлік есеп және аудит істерін реттеуге қатысты жалпы шарттар құруға бағытталады. 


Жаңалықтар
0