Өңірлер

Рудныйда жалған террористті екі жылға соттады

© Photo : Daniel BoneСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сонымен қатар, хабарламаны тексеру үшін шыққан қызмет өкілдеріне үш миллион теңгедей өтемақы төлеуі тиіс.

АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. Рудныйда тоғыз қабатты тұрғын үйді жарып жіберем деп қоқан-лоққы көрсеткен жалған террористті сот екі жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Үрей туғызған қоңырау

Ленин көшесі бойындағы көпқабатты үйдің тұрғындары 4 қыркүйек күні кешкі сағат тоғыздар кезінде қауіпсіз жерге шығарылған. Оған себеп лифтте пайда болған хабарлама еді. Істің деректері бойынша, сотталушы лифт қабырғасына маркермен мына мәтінді жазып кеткен: "Сендер 5 қыркүйек күні түнде өлесіңдер. Үйлеріңде бомба жарылады". Дүйсенбі күні кешке ғана тұрғындарға үйлеріне қайтуға рұқсат берілді. 

Сот алды тергеу ісі барысында прокурор мен сотталушы арасында қорғаушылардың қатысуымен үдерістік келісім жасалып, сол себепті сот ісі қысқартылды. Сот айыптыны екі жылға бас бостандығынан айырды, ол жазасын түзету колониясында өтейді. Сонымен қатар, хабарламаны тексеру үшін шыққан қызмет өкілдеріне үш миллион теңгедей өтемақы төлеуі тиіс.  


Жаңалықтар
0