Саясат

Қазақстан "Нормандиялық төрттік" келіссөздерінің нәтижелерін қолдайды

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуНрмандиялық төрттік
Нрмандиялық төрттік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана "Нормандық төрттік" тараптарына келіссөздер жүргізуде көмек көрсетуге дайын екндігін көрсетті

АСТАНА, 20 қаз — Sputnik. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Берлинде "Нормандиялық төрттік" форматында өткен келіссөздердің нәтижесі бойынша ресми мәлімдеме жасады. 

"Қазақстан Украинадағы қақтығысты үйлестіру жолындағы маңызды қадам ретінде Берлин қаласында 2016 жылғы 19 қазанда өткен "Нормандық төрттік" келіссөздерін қостайды және қолдайды. Кездесудің нәтижелері қазіргі кезеңде ахуалды реттеу мақсатында қалыптастасқан жалғыз механизм ретінде Минск келісімдерін іске асырудың жалғастыруына жаңа серпін беретініне үміт артамыз", — делінген ведомствоның хабарламасында.

Қақтығыстың одан әрі шиеленісуіне жол бермеу, ахуалды бақылау және қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау мақсатында біз барлық тараптардың тұрақты кездесулерінің және келіссөздерінің жалғасуының маңыздылығын ерекше атап өтеміз.

Қазақстан өз тарапынан келіспеушіліктерді реттеу және оларды еңсерудің бейбіт жолдарын іздестіруде барынша көмек көрсетуді алдағы уақытта жалғастыруға дайын.


Жаңалықтар
0