Спорт

Қазақстан FIFA рейтингінде жеті қатар жоғалтты

Жазылу
Өткн айда Қазақстан 83-ші орында тұрған. Бұл айда 90-шы орынға төмендеді.

АСТАНА, 20 қаз — Sputnik. Қазақстанның футболдан ұлттық ерлер құрамасы Халықаралық футбол ассоциациясының (FIFA) жаңартылған рейтингінде жеті қатар жоғалтты. Рейтинг бейсенбі күні ассоциацияның сайтында жарияланды.  

20 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан құрамасы бір ай бұрынғы өзінің рекордтық 83-ші позицияға қарсы рейтингтің 90-шы орнына төмендеді. 

Рейтингті бастап тұрған Аргентина құрамасы, екінші орынға Германия көтерілді, үшінші орында Бразилия келеді. 

Посткеңестік кеңістік құрамалары арасында үздік көрсеткіш – 29-шы орында қалған Украина құрамасында. Өзбекстан бұл рейтингтің – 48-ші қатарында, Ресей – 53-ші қатарда, Беларусь – 77-ші қатарда. Әзербайжан – 88-ші орында тұр.


Жаңалықтар
0