АСТАНА, 20 қаз — Sputnik. Бұрынғы полиция қызметкері Манарбек Өтеуовтің әшкерелеу хатынан кейін ұсталған екі атыраулық полиция қызметкерлері кепілақымен босатылды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"20 қазанда №2 Атырау қалалық сотының тергеу судьясы бұрын ұсталған қалалық криминалдық полицияның бұрынғы бастығы Нұрболат Қабдешев пен Атырау қ. ІІБ аға жедел уәкілі Бейбіт Шалтеновке қатысты кепілмен босату түрінде бұлтартпау шарасын алды", — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Кепілақы сомасы хабарланбайды.
Қабдешев пен Шалтеновке ескі редакциядағы ҚР ҚК-нің 308-бабының 4-тармағының "в" тармақшасында ("Өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану") қарастырылған қылмыс бойынша айып тағылып отыр.