АСТАНА, 20 қаз — Sputnik. Қарағандылық әйел полицияға қызына азғындық әрекеттер жасалды деген шағым түсірді, деп хабарлады Қарағаны облысы ІІД баспасөз қызметі.
"Қарағандының Октябрь ауданы тұрғынының бейтаныс біреу кәмелетке толмаған қызына азғындық әрекеттерін жасады деген шағымы бойынша ҚР ҚК-нің 124-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды", — деді полицияда.
Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігіне сәйкес, он төрт жасқа толмаған тұлғаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау – қылмыскер төрт жылға дейін бас бостандығынан шектеуге немесе үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Полиция қызметкерлері күдіктіні іздестіруде.
"Бір қыздың зорланғандығы туралы Интернетте жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды", — деп атап өтті ІІД-де.