Қоғам

Sputnik Астана студенттерімен журналистиканың қыр-сырларымен бөлісті

© Sputnik / Болат ШайхиновСтуденттер Sputnik Қазақстан кеңсесінде
Студенттер Sputnik Қазақстан кеңсесінде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан жас журналистермен жұмыс істеуге әзір екенін айтты.

АСТАНА, 20 қаз — Sputnik. Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігі мен радиосының жетекшісі Ольга Коваленко Sputnik Қазақстан МБО редакциясына экскурсия жасау мен таныстыру аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне жаңалықтардың қалай жасалатынын және заманауи медиалардың жұмысы туралы айтып берді.

© Sputnik / Болат ШайхиновСтуденттер Sputnik Қазақстан кеңсесінде
Студенттер Sputnik Қазақстан кеңсесінде - Sputnik Қазақстан
1/2
Студенттер Sputnik Қазақстан кеңсесінде
© Sputnik / Болат ШайхиновСтуденттер Sputnik Қазақстан кеңсесінде
Студенттер Sputnik Қазақстан кеңсесінде - Sputnik Қазақстан
2/2
Студенттер Sputnik Қазақстан кеңсесінде
1/2
Студенттер Sputnik Қазақстан кеңсесінде
2/2
Студенттер Sputnik Қазақстан кеңсесінде

Болашақ журналистер Sputnik Қазақстан порталы құрылымының үлгісінде заманауи медиаформаттармен танысып, редакция жұмысының негіздері мен жаңалықтар дистрибуциясы ережелері, аспасөз орталығының мультимедиалық мүмкіндіктері мен агенттіктің редакциялық жобалары туралы білді.

"Sputnik Қазақстан жас журналистерге қолдау көрсетуге дайын: біз білімімізбен, тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Қазірдің өзінде Sputnik республиканың мәдениеті мен тарихымен байланысты бірқатар жоба әзірлеуде. Біз ынтымақтастыққа ашықпыз, оның ішінде жас журналистермен де", — деді Ольга Коваленко.

Сонымен қатар, Ольга Коваленко болашақ әріптестерінің сауалдарына жауап берді.

Жаңалықтар
0