Саясат

Ақмола облысы әкімінің ұлы президент әкімшілігіне қызметке тұрды

© Photo : Личный аккаунт Павла Кулагина в FacebookПавел Кулагин
Павел Кулагин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрын Кулагин Сарыарқа ауданы әкімінің қызметін атқарған

АСТАНА, 20 қаз — Sputnik. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің ұлы — Павел Кулагин президент әкімшілігіне мемлекеттік инспектор қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігінен. 

 

Павел Кулагин 2015 жылғы қараша айынан бері елорданың Сарыарқа ауданы әкімінің қызметін атқарып келген.

"Павел Кулагин президент әкімшілігіне мемлекеттік инспектор қызметіне тағайындалды", — деді агенттікпен әңгімелесуші телефон арқылы. 

Кулагин өзінің Instagram желісіндегі парақшасында әріптестеріне, Сарыарқа ауданы мен елорда тұрғындарына, сондай-ақ біраз істерді бірге атқарысқан белсенділерге алғысын білдірді. 

"Біздің аудан, қала, тұтас еліміз үшін бірлесе қызмет істеуді әрі қарай да қуана жалғастыратын боламын! Мен Мемлекет басшысының сенімін ақтау үшін, Отан үшін бар күш-жігерімді салатын боламын", — деп жазды Кулагин.

Павел Кулагин әр жылдары Астана коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы, елорданың Алматы ауда әкімі қызметтерін атқарған. 


Жаңалықтар
0