Спорт

Стойлов: бізге жай ғана жақсы қорғану керек

Жазылу
"Астана" футбол клубының бас бапкері Станимир Стойло "Олимпиакосты" Еуропа лигасы топтық кезеңінің фавориті деп санайды

АСТАНА, 20 қаз — Sputnik. "Астана" футбол клубының тәлімгері Станимир Стойловтың пікірінше, Еуропа лигасы топтық кезеңі матчында қазақстандық команда қорғаныста жақсы ойнайтын болса оң нәтижеге қол жеткізе алады екен. 

"Олимпиакос" пен "Астана" арасындағы матч Грецияда бейсенбі, 20 қазан күні өтеді. Қазіргі уақытта екі турдан кейін  В тобында грек клубы үш ұпаймен екінші келеді. "Астана" бір баллмен швейцариялық "Янг Бойз" клубымен үшінші-төртінші орынды бөлісіп отыр. Топтың турнир кестесін алты ұпаймен кипрлік "АПОЭЛ" бастап тұр. Көктемгі плйэ-офф кезеңіне алғашқы екі команда өтеді. 

"Ертең бізді қиын ойын күтіп тұр, бірақ біз оған барынша дайындалып жатырымыз. "Олипиакос" — айқын фаворит, бірақ біз оған қарамай, өзіміздің ең жоғару деңгейімізді көрсетуге тырысамыз. Біз "Олимпиакосты" ұзақ бақыладық, олардың көптеген матчын көрдік. Бұл агрессивті футббол ойнайтын команда. Олардың футболшылары жоғары деңгейлі, сондықтан гректер тең жеңіске ұмтылатын болады. Ал бізге жай ғана жақсы қорғану керек", —  деді Стойлов сәрсенбіде өткен матч қарсаңындағы баспасөз мәслихатында. 


Жаңалықтар
0