АСТАНА, 19 қаз – Sputnik. Маңғыстау облысында алты оқушы қыз болжам бойынша араб иіссуына уланған, деп хабарлайды жергілікті "Мой город" порталы.
Басылымының атап өтуінше, оқиға дүйсенбі, 17 қазанда Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы Мендалыұлы атындағы орта мектепте орын алған.
Алтыншы сынып оқушыларының айтуынша, олар " Dalal " иіссуын дүкендердің бірінен сатып алып, үстеріне сепкен.
Алдын ала сараптама иіссу құрамында эфир майларының шамадан тыс бар екенін анықтаған.
Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі департамент өкілдері бұл иіссулар сатылған дүкеннің өнімдерін тексеруде.
Білім беру департаментінде оқушыларға мектепке шығуы белгісіз бояу әкелуге тыйым салынған ауызша бұйрық шығарды.
Мұсылмандар иіссуы эфир майларынан жасалады, олардың құрамында спирт жоқ.