Экономика

Астана ДСҰ мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісімінің бақылаушысы атанды

© AP Photo / Donald StampfliДүниежүзілік сауда ұйымы
Дүниежүзілік сауда ұйымы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісімнің бақылаушысы мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды республика қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

АСТАНА, 19 қаз – Sputnik. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісімнің бақылаушысы мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды республика қаржы министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазақстан Республикасының осындай мәртебеге ие болу жөніндегі ресми тапсырысы Женевада (Швейцария) сәрсенбі, 19 қазан күні өткен ДСҰ-ның мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитетінің кезекті отырысы аясында бірауыздан мақұлданды.  

Қазақстанның ДСҰ-ның мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісімнің бақылаушысы мәртебесіне ие болуы Қазақстанның ДСҰ-ға кіргенде өзіне алған міндеттемелерінің бірі болып табылады.

Бұл мәртебе Қазақстан мемлекеттік сатып алу жүйесінің іргелі халықаралық стандарттарға сәйкестігінің айқын дәлелі болып табылады. 


Жаңалықтар
0