Әлем

Сирия парламенті басшысы: біз Қырымды Ресейдің ажырамас бөлігі деп санаймыз

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуСирия туы
Сирия туы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сирия парламенті төрағасы Хадия Аббас Sputnik агенттігіне берген сұхбатында 2014 жылғы 16 наурыздағы Қырым автономды республикасының Ресей Федерациясына қосылуы туралы референдум нәтижесін САР мойындайтындығын мәлімдеп, сондай-ақ РФ Сирия дағдарысын реттеудегі рөлі туралы сөз қозғады.

— 30 қыркүйек күні Ресей ӘҒК Сириядағы контртеррорлық операциясының басталуына бір жыл толды. Бұл операция мен оның жеткен жетістіктері халықаралық терроризмді күш біріктіру арқылы ғана жеңуге болатынын дәлелдеді. Сирия дағдарысын реттеудегі және елде бейбітшілік орнатудағы Ресей позициясын қалай бағалайсыздар? 

— Біз Ресейдің қолдау көрсетіп, екі елдің мүддесіне сәйкес келетін позицияны ұстанатынына әрқашан сенімді болатынбыз. Біздің ара қатынасымыз қаншама жылдар бойы қалыптасып келеді және әрі қарай дами береді. Ресей әр уақытта жәбір көрушілердің жағына шығады, сол себепті Ресейдің халықаралық аренадағы абройын жоққа шығара алмаймыз әрі Ресейдің мүддесіне немқұрайды қарауға болмайды. Біз Ресейге қай жағынан болсын сенім артамыз және Ресей сыртқы істер министрі Лавров мырзаның Сирия мүддесін өз елінікінен кем қорғамайтынын көріп отырмыз.  Ресей президенті Сирияны өз еліндей қорғайды. Бүкіл адамзатқа төніп тұрған қауіпке қарсы бірлесіп күресудеміз.  

— Ресей үкіметі бірнеше мәрте айтып өткендей, Сирия дағдарысын жеңу үшін Сирия халқының күш-жігері мықты болуы тиіс, Сирия халқы ғана өз болашағын айқындай алады. 2014 жылы бәрімізде халықтың өз болашағын өзі таңдай алатынына көзіміз жетті – Қырымда Ресей Федерациясына қосылу туралы референдум өткен еді. Түбекте өткен референдум нәтижесінде Қырымның Ресейге қосылуына Сирия елі қалай қарайды? 

— Қырымда мынадай жағдай орын алды: бұл жер Кеңес Одағының бір бөлігі болатын. Кеңес Одағы құлдыраған кезден бастап, осы уақытқа дейін болған жағдайлардың себебінен бұл жер Қырымдағы референдумда халықтың өз еркімен қайтарылды. Олар бүкіл елмен бірігуге шешім қабылдады. Біз Қырымды Ресей елінің ажырамас бөлігі деп танимыз. САР мен РФ қарым-қатынасы стратегиялық әлі перспективалы болып табылады. Және біз бұл қарым-қатынастардың жан-жақты дамуы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. 

- Соңғы кездері Сириядағы террорлық ұйымдар басып алған жерлер біртіндеп азат етіліп, сириялық күрдтер күштерінің бақылауына өтуде. Сирия күрдтері Сирия мемлекетінің тарауына қарсымыз дегенімен күрдтердің автономия алу құқығы ресми түрде бекітілуі тиіс дейді. Күрдтердің әрекетін Сирия билігі қалай бағалайды?   

— Күрдтермен арада ешқандай мәселелер туындап отырған жоқ.  Күрдтер, елдегі басқа да азаматтар секілді – Сирия халқының бір бөлігі. Сирия территориясын бақылауға алған кейбір көшбасшылардың жеке мүддесінің кесірінен осындай жағдайлар болып жатыр. Олардың әрекетіне АҚШ және басқа да аймақтағы елдер жол көрсетіп отыр. Біздің басты ұстанымымыз – ұлттық және діни принципте еліміздің бөлшектеніп бөлінуіне ешқашан жол бермейміз. Сирия біртұтас, бөлінбейтін мемлекет. Жаңадан құрылған парламентте күрд депутаттары да қызмет етуде, олардың саны 10-нан асады, күрдтер мемлекеттік органдардың бүкіл жұмысына белсенді араласып келеді және бұл үрдіс одан сайын  нығая бермек.     

- Сириямен көрші ел Түркияда сириялық билік өкілдерінің елдегі аз ұлттардың, оның ішінде туркомандардың құқығы қорғалмайтындығы жиі айтылады. Сириядағы туркомандардың шынайы жағдайы қандай?  

— Түркияның Сирия  үкіметі мен әскері туркомандарға қысым көрсетті деген мәлімдемелері жалған. Туркомандар да Сирия халқының ажырамас бөлігі. Бұл айыптаулар Түркия тарапынан жүргізіліп отырған ақпараттық соғыстың бір бөлігі. Әрине, бұған АҚШ және басқа да аймақтық одақтастардың қатысы бар, олар мұндай мәлімдемелермен халықаралық қауымдастық алдында Сирия елінің абыройын төмендеткісі келеді. Сирия билігі туркомандарды ешқашан шеттеткен емес,  көп ұлтты халқымыздың басқа да өкілдерімен қатар мемлекеттік және билік органдарында қызмет етеді. 

 

 

Жаңалықтар
0