Өңірлер

Юрий Пактің қорғаушылары апелляцияға өтініш берді

© SputnikҚарағанды облыстық сотының ғимараты
Қарағанды облыстық сотының ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Апелляциялық шағым Қарағанды облыстық сотына шағым беру мерзімінің бітуіне 5 күн қалғанда берілді.

АСТАНА, 19 қаз — Sputnik. Жалған терроризм үшін сотталған қарағандылық физика пәні мұғалімінің қорғаушылары 3 қазан күні шығарылған бірінші инстанция сотының үкіміне апелляциялық шағым түсірді деп хабарлады сотталушының жұбайы Ольга Пак Sputnik Қазақстан агенттігіне. 

Апелляциялық шағым Қарағанды облыстық сотына 18 қазан күні келіп түскен, сот бекіткен шағым түсіру мерзімі 23 қазанда бітуі тиіс еді.

"Кеше адвокаттарымыз апелляцияға өтініш берді. Сот төрағасы әлі тағайындалған жоқ. Сот күні заңнамаға сәйкес кейінірек белгілі болады. Апелляциялық соттан кейін жұбайым ақталатын шығар деп үміттенеміз", — деді Ольга Пак агенттікке. 

Ол қазіргі уақытта Юрий Пак қамалған Қарағанды тергеу изоляторының ғимаратында екендігін айтты. Күйеуімен кездесуге әлі рұқсат берілмеген. 


Жаңалықтар
0