Оқиға

Полиция азаптауының құны 400 мың теңге

© Photo : Daniel BoneСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодар облысының тұрғыны 15 миллион теңге көлемінде өтемақы талап еткен. Сот арызды жартылай қанағаттандырып, жәбірленуішіге 400 мың теңге төленетін болды.

АСТАНА, 19 қаз — Sputnik. Павлодар облысы ІІД Шербақты ауданының тұрғынын азаптап қинағаны үшін 400 мың теңге өтемақы төлейді деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметі.

Соттың мәліметінше, 2014 жылы 13 қазан күні Шербақты ІІБ анықтаушысы сотқа арыз берушіні қылмыс жасағанын мойындату үшін азаптаған. Арыз беруші түрлі дене жарақатын алып, кеуде қуысы сынған. Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен полиция қызметкері үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып, пробациялық бақылауға алынды. 


Жаңалықтар
0