Қоғам

Қазақстанда жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры құрылады

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы" заң жобасы қылмыстық құқық бұзушылықтан зардап шеккендердің жеке санаттарына ақшалай өтемақы төлеу үшін құқықтық негіздерді анықтайды.

АСТАНА, 19 қаз — Sputnik. Парламент мәжілісі депутаттары Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың мәліметінше,  "Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы" заң жобасы қылмыстық құқық бұзушылықтан зардап шеккендердің жеке санаттарына ақшалай өтемақы төлеу үшін құқықтық негіздерді анықтайды.  Санаттар Қылмыстық кодекстің 62-бабы бойынша белгіленді.

"Заң жобасы ақшалай өтемақының көлемін белгілейді. Бұл құқық қорғау органдары тиісті шаралар атқарып жатқан кезде зардап шеккендерге бастапқы уақытта берілетін ең төмен деңгейдегі қолдау болып саналады", — деді Сұлтанов сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысында.

Көрсетілген өтемақыны прокуратура органдары айыпты тұлғаға төлетеді.Әрі қарай айыпты тұлға сот үкімі бойынша  зиян тигізгені үшін өтемақы төлейтін болады, яғни қазіргі уақыттағы тәртіп өзгеріссіз қалады. 

Жәбірленушілердің үш санаты белгіленді: 

Бірінші санат — сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандары болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасы және азаптаулар құрбандары.

Екінші санат — денсаулығына ауыр зиян келтірілгендерге не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырғандар.

Үшінші санат — қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, осы Заңда белгіленген мемлекеттік ақшалай өтемақылардың берілуіне кепілдік береді.

 

 

 

Жаңалықтар
0