Өңірлер

Қазақстан тұрғындарын сәрсенбіде қар мен бұлтты ауа райы күтеді

© Sputnik / Владимир Семенюк / Медиабанкке өтуқар аралас жаңбыр
қар аралас жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде қар түріндегі жауын-шашын күтіледі

АСТАНА, 19 қаз — Sputnik. Сәрсенбі күні Қазақстан аймақтарының  басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, деп хабарады Қазгидромет  метеоқызметі. 

Синоптиктердің болжауынша, Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын мол жауады, жауын-шашынсыз күн райы тек батыста болжанып отыр. Кей аймақтарда сондай-ақ, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, 15-23 м/с жылдамдықта жел тұрады. 

Жамбыл облысының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықтағы жел 23 м/с-қа күшейеді.

Батыс Қазақстан,  Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында көктайғақ, бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, желдің екпіні — 15-20 м/с.


Жаңалықтар
0