Әлем

Қырғызстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ЕурАзЭО тапсырыстарына толы

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтутігін фабрикасы
тігін фабрикасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстан үкіметі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қарлылай көмек көрсетуге уәде етті

АСТАНА, 19 қаз — Sputnik. Қырғызстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ЕурАзЭО елдерінің тапсырыстарына бірнеше ай бұрын толып қояды, деді үкіметтегі кеңес кезінде "Легпром"  ассоциациясының президенті Сапарбек Асанов.  

ЕурАзЭО – Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік базасында құрылған халықаралық ықпалдастық экономикалық бірлестігі. Ол 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап әрекет етеді. Қырғызстан одаққа 2015 жылғы тамызда кірді. Қазір Ресей, Армения, Белоруссия, Қазақстан және Қырғызстан елдері ЕурАзЭО мүшесі болып табылады. 

"Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіргеннен кейін тігін саласы кәсіпорындарының тапсырыстары артты. Әрине, экспортты дамыту жоспарына АҚШ долларының өсуі мен Ресей рублінің қырғыз сомына қатысты арзандауы, белгілі бір түзетулер енгізді.  Қазір "Легпром" ассоциациясының құрамына кіретін барлық дерлік кәсіпорындар бірнеше ай бұрын тапсырысқа толы", — деді Асанов. 


Жаңалықтар
0