АСТАНА, 18 қаз — Sputnik. Ақмола облысы мен Астанада 19-20 қазанда жел күшейеді, қар жауып, боран соғады, деп болжайды синоптиктер. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
"19-20 қазанда Ақмола облысында қар жауып, боран соғады еп күтіледі. Жел оңтүстіктен батысқа қарай соғып, солтүстік шығысқа қарай ауысады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Астанада 19-20 қазанда төменгі боран соғып, оңтүстік шығыс желі 15-20 м/с дейін күшейеді", — делінген хабарламада.
Бұрын 19 қазанда түнде Жамбыл, Алматы облыстарында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады, деп хабарланған. Кей жерлерде көктайғақ, жел солтүстік-батыс, батыстан 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
19-20 қазанда түнде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа температурасы 1-6, кей жерлерде 9 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.