Экономика

Сағынтаев: әкімдіктің дәрежесі түсірілмесін!

© Photo : Служба центральных коммуникацийБақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев кейбір елді мекендердің жергілікті атқару органдарының басшылары сумен қамтамасыз ету үшін қаражатты өздері жинауға мәжбүр екендігіне ашуланды.

АСТАНА, 18 қаз — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев кейбір елді мекендердің жергілікті атқару органдарының басшылары сумен қамтамасыз ету үшін қаражатты өздері жинауға мәжбүр екендігіне ашуланды. 

Сейсенбідегі үкімет отырысында елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау жөніндегі мәселені қарау барысында министрлер кабинетінің басшысы Бақытжан Сағынтаев наразылығын білдірді. 

Өзге саладағы секілді бұл жерде де басты мәселе желіге салынған ақшаны кері қайтару үдерісі. Премьердің мәліметінше, кейбір елді мекендерде бұл үдеріс бассыздыққа жеткен. "Біз кіші қалалардың кейбір басшылары өздері жүріп ақша жинайын жағдайға жеттік, бұл жақсы емес", — деді Сағынтаев. 

Бүгін коммуналдық қызмет үшін ақша жинайтын әкім ертең өз қаласында көше сыпыратын болады, деп болжады. "Біз әкімдік деңгейін түсіріп біттік, енді қайда апаратынымызды білмейін!", — деп ренжіді ол. 

 


Жаңалықтар
0