АСТАНА, 18 қаз — Sputnik. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы: экономикалық күн тәртібі" тақырыбындағы баспасөз конференциясы 25 қазан күні 16:00-де Астанада Sputnik баспасөз орталығында өтеді.
28 қазан күні Минскіде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді.
Іс-шарада ТМД аясындағы өзара қарым-қатынастар және Үкімет басшылары кеңесінің талқылауына ұсынылған мәселелер туралы сөз қозғалады.
Мәскеуде іс-шараға қатысатындар:
— ТМД атқарушы комитетінің экономикалық қауымдастық департаментінің директоры Андрей КУШНИРЕНКО.
— ТМД экономикалық дамуы Іскерлік орталығының бас директоры Владимир САВЧЕНКО.
Астана, Бішкек, Ереван, Кишинев, Минск қалаларында: БАҚ және сараптау қауымдастығы өкілдері.
Баспасөз орталығының мекенжайы: Астана, Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12, (Сулы-Жасыл бульвар, "Бәйтерек" монументі жағынан кіресіз).