АСТАНА, 18 қаз — Sputnik. Алматы қаласының ювенальді полициясы тоғыз жасар қызына зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен әйел адамды қамауға алды деп хабарлайды қаланың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, отбасының көршілері 27 жастағы әйелдің қызын жиі ұрып-соғатынын айтып полицияға хабар берген. Оқиға орнына келген полицейлер есіктің жабық тұрғанын көрген, анасы үйде болмай шыққан. Сол кезде олар есікті бұзып кіріп, қызды ауруханаға алып кетті.
Жедел жәрдем дәрігерлерінің диагнозы бойынша, қыз жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы шайқалған, бетінде гематомалар байқалады. Қызды ауруханаға жатқызды.
Қыздың анасын уақытша ұстау изоляторына қамады. Оған қатысты ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.