АСТАНА, 18 қаз — Sputnik. Әзербайжанның болашақта ЕурАзЭО кіру мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Бұл туралы Әзербайжан президенті Ильхам Алиев Sputnik Әзербайжан агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Мемлекет басшысы елдің қазіргі статусында нық сенімді екендігін айтты.
"Бұл жайлы әңгімелер сарапшылар қауымдастығында да, саяси элита арасында да бұрыннан бері айтылып жүр. Былай жауап берейін: жалпы айтқанда, біз қазіргі жағдайымызда өзімізге нық сенімдіміз… Сол себепті тағы қандай үрдістер болатынын бақылағанымыз жөн. Әлбетте, Одақтың жұмысы жақсы жүрсе, көп мемлекеттер тартылатыны анық. Сол себепті, үзілді-кесілді жауап беруге болмайды, дегенмен қазіргі ахуалды осылай сипаттар едім", — деп мәлімдеді Алиев МИА "Россия сегодня" агенттігінің бас директоры Дмитрий Киселевке берген сұхбатында.
"Бүгін ЕурАзЭО мүше елдерімен экономикалық және саяси ынтымақтастығымыздың форматы берік. Интеграция жолына түсу үшін, әрине, уәждеме керек. Экономикалық, әлеуметтік, саяси болсын, мейлі. Қазір біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", — деп атап өтті Әзербайжан президенті.