АСТАНА, 18 қаз — Sputnik. Сән әлеміндегі танымал кәсіпкер Лилия Рах пен тағы да үш адам айыпталып отырған адам ұрлау туралы қылмыстық іс бойынша соттың талқылауы 21 қазанға белгіленді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігінің тілшісі сот залынан.
Танымал қазақстандық кәсіпкер Лилия Рахтың ұсталғандығы туралы тамыздың аяғында белгілі болды. Тергеудің болжамы бойынша, 2016 жылдың 9 шілдесінде 33 жастағы Өзбекстан азаматының жоғалып кеткендігі туралы полицияға арыз түскен. Полиция айыпталушылардың Өзбекстан азаматын ұрлап, қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде қамауда ұстағынын анықтады.
Оны Алматы әуежайы аумағынан ұрлап кеткен. Кейіннен ұрлан кісі Рахтың бизнес серіктесі Хамро Суванов деген хабар таратылды.
Рахтан бөлек бұл іс бойынша сот алдында жауап беріп жатқан зергерлік үйінің иесі Мири Паз, Ислам Мисиров және Бахыт Шалбаев. Олардың барлығы қамауға алынған.
Дүйсенбіде басталған Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында өтіп жатқан алдына ала тыңдауда Хамро Суванов кәсіпкерге шағымы жоқ екенін мәлімдеп, оған қатыстық қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.
Бұл өтінішті Алмалы аудандық сотының төрағасы Қуаныш Әріпов қабылдамады.
Сот төрағасы, сонымен қатар, Рах пен Паздың адвокаттары қорғалудағыларға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрап, бұлтарпау шарасын кепілақыға босатуды немесе үй қамағына ауыстыруда сұраған өтініштерін қабылдамады. Адвокаттардың айтуынша, Рахқа Қазақстанға белгілі бірқатар қайраткерлер кепілдік берген.
Сонымен бірге, Шалбаев пен Мисировқа қарсы тағылған айыптарды Қылмыстық кодекстің 125-бабынан (Адам ұрлау) 126-бабына (Заңсыз бостандығынан айыру) өзгерту туралы өтініш те қабылданбады.
Сот қабылдаған қарар бойынша, барлық сотталушыларға қатысты бұлтарпау шарасы "қамауға алу" 15 желтоқсанға дейін ұзартылды.