Тарихқа көз жүгіртсек, жарты ғасыр бұрын, яғни 1958 жылы америкалық компания қызметкері Патриция Хароски бастықтар күнін тойлауды ұсынған екен.
Бірақ, тапқыр қыз бұл мерекені бастығына жағыну үшін ойлап тапты десеңіз, қателесесіз. Ол қыздың бастығы шын мәнісінде туған әкесі екен.
16 қазан бастығы әрі әкесінің туған күнінде хатшы қыз Патриция осылай ерекше көңілкүй сыйлағысы келген ғой. Бұл идеяны өзге әріптестері де қолдап, мерекені тойлай бастаған. Кейінірек бұл мерекені тойлау идеясы елдің Сауда палатасына ұсынылған. Ол жерде де қолдаушылар табылыпты.
Содан бері бұл мереке көптеген елдерде тойланып келеді, олардың ішінде Канада, Австралия, Ұлыбритания және басқа мемлекеттер бар. Тіпті Қазақстанға да жеткен сияқты.
Айтпақшы, биыл соңғы айлар ішінде компания, министрліктер мен ведомстволарда жаңа басшылар пайда болды. Бүгінгі фотолентамыз соларға арналады.