Видео

Мосулды азат ету: коалиция авиациясы алғашқы шабуылын жасады

Жазылу
Күрд сарбаздары мен ирак әскері Мосул қаласын азат ету операциясын бастап кетті. Қала 2014 жылдан бері "Ислам мемлекеті" жауынгерлерінің қолында.

Операция 6:00-де басталды. Мұны Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади теледидардан сөйлеген сөзінде жариялаған еді.

"Сын сағаты туды, ұлы жеңіске жақындап қалдық… Бүгін Найнава провинциясын азат ету операциясын бастаймыз", — деп мәлімдеді саясаткер.

Күрд қарулы күштері әуелі Мосулдың шығысында орналасқан бірнеше ауылдарды босатуы тиіс.

Rudaw агенттігінің жазуынша, Мосул шабуылына 30 мыңдай адам қатысады. Ал, қала жауынгерлерінің күші 3-4,5 мың адам деп есептелініп отыр.

Пентагонда Мосулды азат ету операциясының басталуын террористтерге қарсы күрестегі үлкен бетбұрыс деп санайды. 


Жаңалықтар
0