Қоғам

Назарбаевтың жас кезінде түскен суреті БАҚ-да жарық көрді

© Photo : АктобеТаймсНұрсұлтан Назарбаевтың бұрын жарияланбаған суреті
Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрын жарияланбаған суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Суретте Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше ер-азаматпен пойыз жанында түскен. Сурет шамамен 1962 жылы Бүкілодақтық лениндік жас коммунистер одағының 14-съезінің алдында түсірілген болса керек.

АСТАНА, 17 қаз — Sputnik.  Қазақстандық жергілікті сайттардың бірінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейін еш жерде жарияланбаған суреті жарық көрді.

Сурет Ақтөбе облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, комсомол Үкетай Байжомартовтың жеке мұрағатында сақталыпты.  Суретті "АқтөбеТаймс" басылымына берген оның қызы – тілші Гүлбану Үкетайқызы.

Суреттен Үкетай Байжомартовты, оның қасында Әбсаттар Бүлдекбаевты, олардың алдында Теміртау қаласының металлургі – Қазақстанның болашақ президенті Нұрсұлтан Назарбаевты көреміз.


Жаңалықтар
0