Спорт

"Қайрат" Стойлов хет-тригін кейінге қалдырды

© Photo : Официальный сайт ФК "Кайрат"Алматыда өткен "Қайрат" - "Астана" матчы
Алматыда өткен Қайрат - Астана матчы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыдағы жексенбі күнгі матчта алматылықтар "Астана" клубын тағы да жеңді, енді ұпай айырмасы 6 ұпай, яғни екі жеңіс.

АСТАНА, 17 қаз — Sputnik. "Астана" футбол клубы жексенбі күні қатарынан үшінші рет Қазақстан премьер лигасының алтын жүлдегері атану мүмкіндігін жіберіп алды, дегенмен команда бұл маусымда еліміздің чемпиондығынан басты үміткер боп саналады.

30-турдың басты матчы "Қайрат" пен "Астана" арасында Алматы қаласында өтті. Негізінде бұл матч бүкіл чемпионаттың негізгі ойынына айналуға тиіс болатын, өйткені елордалық команда жеңіске жетсе, жарыстың соңғы екі турына дейін ел чемпионы атанар еді.

Астана футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Стойлов: мен "Астанадан" кетпеймін

10 қазан күні Астанада өткен матчта "Қайраттың" 4:1 есебімен елордалық команданы ойсырата ұтуы бұл ойынға деген қызығушылықты одан сайын арттыра түсті. Сол кезде "Астана" бапкері Станимир Стойлов командасының мұндай күйге түсуіне футболшылардың ұлттық құрама ойындарына қатысып, бапкерлердің назарынан тыс болуы себепші деген болатын. 

Негізінде, "Қайрат" футбол клубында да дәл сондай жағдай орын алған еді, дегенмен оның футболшылары бар күшін жинап, елордалықтардан үш ұпайды суырып алып, турнир кестесінде чемпиондарға жақындады. 

Алматыдағы жексенбі күнгі матч та тура сол қалыпта өтті: алматылықтар "Астана" клубын тағы да жеңді, енді ұпай айырмасы 6 ұпай, яғни екі жеңіс. Бірақ бұл жолы Станимир Стойлов командасының жеңіске деген құштарлығы жоғары болатын, өйткені тоғыз ұпай айырмасына қол жеткізсе, алматылықтардың қуып жетуі мүмкін болмас еді.

"Астананың" бас бапкері матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында командасының жеңілісіне өкінішін жасырған жоқ. 

"Меніңше, ойын қызық әрі екі команда үшін де қиын болды. Екі жақ та тең ойын көрсетіп, көптеген шабуылдар жасады. Бүгін "Қайрат" ұтымды сәттерді құр жіберген жоқ, ал біз өзіміздікін іске асыра алмадық… бұл үшін шабуылшылармыз командаға қарыздар", — деп мәлімдеді маман.

Жаңалықтар
0