Әлем

Мьянмадағы паром апаты: құтқарушылар өзеннен өлі денелер шығаруда

© Sputnik / Федор ВильнерМьянма
Мьянма - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бортта негізінен студенттер, мектеп мұғалімдері, дәрігерлер болған, жалпы саны – 250-дей адам.

АСТАНА, 17 қаз — Sputnik. Мьянманың орталық бөлігінде 200-ден аса жолаушылары бар паром апатқа ұшырады, 14-тен аса адам қаза тапты  деп хабарлады РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтемемен. 

Оқиға сенбі күні таңертең Чиндуин өзенінде болды, паром Хомалин қаласынан Моунъюаға бет алған екен. Апаттан кейін 154 адам құтқарылды. Бірақ билік басындағылар опат болғандардың саны жүзден асуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. 

"Қазіргі уақытта өзеннен 14 адамның өлі денесі табылды, енді олардың кім екенін анықтауымыз қажет", — деді жергілікті халыққа көмек көрсету басқармасының өкілі Са Уилли Фриент. 

Оның айтуынша, бортта негізінен студенттер, мектеп мұғалімдері, дәрігерлер болған, жалпы саны – 250-дей адам.   


Жаңалықтар
0