АСТАНА, 17 қаз — Sputnik. Сайлау кампаниясың төрағасы Джон Подеста Демократиялық партия атынан АҚШ президентіне үміткер Хиллари Клинтон туралы хаттардың тоғызыншы бөлімін WikiLeaks сайтында жариялады.
Бірінші бөлім 8 қазанда жарияланған болатын, сайт администрациясы күніне мыңдаған хаттарды бөлім-бөлім етіп жарыққа шығарады.
Қазан айының басында WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанж Берлиндегі телекөпір барысында осы жылдың аяғына дейін үш елдің үкіметі және АҚШ-тағы сайлауға қатысты "біршама деректерді" жариялаймыз деп уәде берген еді.
Ол АҚШ-тағы президент сайлауы бойынша әшкерелеу 8 қарашаға дейін бұқара халыққа мәлім болады деп атап өтті. Сондай-ақ Демократиялық партия үміткері Хиллари Клинтонға зиянын тигізгісі келмейтінін де айтқан болатын.
WikiLeaks – халықаралық бейкоммерциялық ұйым, анонимдік дереккөздерінен алынған немесе байқаусызда тарап кеткен құпия ақпараттарды жариялайды. Сайт 2006 жылы құрылған.